Үкімет таратылып, Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды
2016 ж. 08 қыркүйек
2205
1
Президент жарлығымен Үкімет таратылды. Кәрім Мәсімов ҚР ҰҚК төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды qazaquni.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жүктелсін", - делінген Жарлықта.
Кәрім Мәсімов алғаш Қазақстан премьер-министрі болып 2007 жылы тағайындалған еді.