Желіде Тоқтар Төлешовтің өз қолымен жазған мойындау хаты жарияланды
2016 ж. 07 қыркүйек
3921
38
Мөр басылған аталған құжатта "Шымкентсыра" ЖШС-нің экс-директоры өзіне тағылған айыптарды, атап айтқанда, Қазақстанда митингтер ұйымдастырғанын мойындаған. Бұл туралы NewTimes.kz ақпараттық агенттігі хабарлап отыр деп жазады sn.kz.
«Мен өз қоластымда жұмыс істейтін Аяновқа 100 000 доллар беріп, қазақ жерінің шетелдіктерге сатылатыны туралы жалған ақпаратты жұртқа таратуға тапсырдым. Мен мұның халық наразылығын тудыратынын, халық жерін қорғау үшін алаңға шығатынын білдім», — делінген Тоқтар Төлешовтің өз қолымен жазған хатында.
Оның сөзіне сенсек, Төлешов Қазақстанда вице-президент деген лауазым құрып, өзі сол орынға отырғысы келген. Ол сондай-ақ, митингке қатысқандарға ақша бергенін де ашып жазыпты.
Естеріңізге салайық, Тоқтар Төлешов 2013 жылдың 30 қаңтарында ұсталған болатын. Оған мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды, митинг ұйымдастырды, кісі ұрлады, кісі өлтірді деген секілді ауыр айыптар тағылып отыр.