Өзбекстан үкіметі Ислам Каримовтың халі нашарлап кеткенін хабарлады
2016 ж. 02 қыркүйек
2479
1
Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың жағдайы туралы алғашқы ресми ақпарат келіп түсті.
Өзбекстанның министрлер кабинеті Каримовтың жағдайы өте нашар екенін мәлімдеді деп хабарлайды РИА Новости агенттіне сілтеме жасап NUR.KZ.
"Өткен тәулікте біздің президентіміздің жағдайы күрт нашарлап кеткенін, дәрігерлер оның халін өте нашар деп бағалап отырғанын зор күйінішпен хабарлаймыз», - делінген Өзбекстан министрлер кабинетінің хабарламасында.
«Бұған дейін хабарланғандай, ел басшысы Ислам Әбдіғаниұлы Каримов инсульт алып, өткен сенбіде ауруханаға жатқызылған болатын», - деп атап өтілген хабарламада.
Осыған дейін БАҚ Ислам Каримовтың қазасы туралы жазған еді. Басылым келтірген деректер бойынша, Каримовтың туған жері – Самарқанда оны жерлеуге дайындық жұмыстары басталып кеткен.