Әзімбай Ғали: Екі-үш айда Өзбекстанда билікті қайта бөлісу басталады
2016 ж. 31 тамыз
2402
1
Ислам Кәрімов өлген соң тепе-теңдік сақталмайды. Кейбір тұлғалардың бір-екісі тұра көтеріледі, оларды шетінен қамай бастайды. Халық көшеге шығады, бірақ, ірі қалаларда жастар шеруін осы жолы атуға әскер бата алмайды. Ташкент пен Самарқан - Ферғана емес, оның үстіне дағдарыс күшейіп тұр, халық шаршағанын айтады.
Өзбекстанның қазіргі заман тарихында жаңа кезеңі басталды дей бер. Билікке келесі диктатор келу керек еді, әйтпесе дүрбелең кезеңі басталады. Бірақ Лола билікті Өзбекстанда ұстай алмайды. Екі-үш айдың ішінде билікті қайта бөлісу басталады. Бұл күреске Ташкент мен Самарқанның студенттері мен ересек оқушылары да қатысады. Лола тек өтпелі кезеңде биліктің басында тұрушы. Басқару вертикалі босаңси бастайды. Экономикалық және әлеуметтік келеңсіздіктер бетке, көшеге шығады. Ислам Кәрімовтің кезінде жағдайымыз нашар болды дейді көпшілік: бұл Лола кетсін деген сөз.
Өзбекстанда нарықтық қатынастар жеткіліксіз көлемде енген. Либералдық еркіндік тіпті аз. Әкімшілік шектеу көп. Қышлақтан қалаға, Самарқанға,Ташкенге көшу, бару, тұру үлкен қиындық туғызады.Ресейге кету қиын, Ресейден келсең тонайды. Осыдан былай Халық коррупциямен күресуді ту ғып көтереді. Бірнеше коррупциянер фамилиялары аталады.Корейлер мен орыстар Өзбекстаннан қашады.Бізді иммиграциялық режим қатаңдау керек.Тек оралман қазақты қабылдау керек.
Әзімбай Ғали
qazaquni.kz