Мас күйінде көлік айдаған "Нұр Отан" филиалы басшысының масқарасы шықты
2016 ж. 26 тамыз
3313
3
Қазақстанның Жоғарғы соты «Нұр Отан» партиясы Алматы облысы Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Берік Абақовқа қатысты әкімшілік іс бойынша бірінші инстанция шешімін өз күшінде қалдырды.
Алматы облысы прокуратурасы шенеуніктің мас болғанына бек сенімді болды және Жоғарғы сотқа кассациялық наразылық жіберді.
Айта кетейік, Автокөлікшілерге қолдау көрсету қоғамы ғаламторға даулы видеоны жариялаған еді. Онда жол полициясы қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізген «Нұр Отан» партиясы Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Берік Абақовты ұстайды.
Сюжетте партия мүшесі құжат сұраған полиция қызметкерлерімен келісімге келуге тырысады. Содан кейін Берік Абақов медициналық тексерістен өтеді, дәрігер оның орташа дәрежеде мас екенін айтады.
Сол видеода Берік Абақовтың мүлдем арақ ішпедім деп бүлік шығарғанын көруге болады. Одан кейін шенеунік өзін видеоға түсірмеуді сұрайды.