Жақыпов пен Әлімханұлы жеңілсе де 10 мың доллар алатын болды (фото)
2016 ж. 24 тамыз
2904
3
Рио-де-Жанейрода өткен XXI жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан атынан 104 спортшы қатысқан болатын. Оның ішінде 17-сі жүлделі орындарға ие болды.
Сондай-ақ жүлдеге ілікпесе, де алғашқы бестікке енген спортшылар бар. Оларға да сыйақы беріледі. Сонымен олар қай спортшы екенін BAQ.kz тілшісі анықтап көрген болатын.
Жүлдеге ілікпесе де, мемлекет тарапынан қаржылай сыйақы алатын спортшылар:
Бокс
Біржан Жақыпов – 5-ші орын (10 мың доллар)
Жайна Шекербекова – 5-ші орын (10 мың доллар)
Жәнібек Әлімханұлы – 5-ші орын (10 мың доллар)
Ғалымжан Өсербаев – 5-ші орын (10 мың доллар)
Жұлдыз Ешімова – 5-ші орын (10 мың доллар)
Алмат Кебіспаев – 5-ші орын (10 мың доллар)
Маргарита Елисеева – 5-ші орын (10 мың доллар)
Арли Чонтей – 4-ші орын (30 мың доллар)
Денис Уланов – 4-ші орын (30 мың доллар).
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V ҚР заңына сәйкес Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне қаржылай сыйақыдан бөлек, жергілікті әкімдік тарапынан пәтер беріледі. Тиісінше, чемпионға үш бөлмелі пәтер, күміс медальға екі бөлмелі, қола жүлде алған спортшыға бір бөлмелі пәтер беріледі.