Плетневтің үміті үзілген жоқ
2016 ж. 22 тамыз
1862
0
Өмірде тағдырдың наласына мойымаған адамдар өте көп. Соның бірі, көкшелік кәсіпкер – Владимир Плетнев. Екі аяғынан мүгедек болса да, жеке кәсібін ашып, оны өрге бастырудың қам-қаракетінде жүр.
Жақында оның жеке кәсіп ошағына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова Көкшетауға жұмыс сапары кезінде арнайы ат басын бұрды. Көлік жөндейтін шағын цех жұмыс істеп тұр. Мүгедектер арбасына таңылған Владимир Плетневтің өзі де жұмыс басында.
Бір қарағанда, осындай мүмкіндігі шектеулі жанның өмірден түңілмей, кәсіп ашуы таңдандырмай қоймайды. Ол халық қалаулысының арнайы іздеп келіп, жағдайын білгеніне қуанып қалды. Сосын алдағы уақытта кәсібін кеңейтіп, пластикалық құтыларды өңдеумен айналысуды мақсат етіп отырғанын айтты. Ол үшін мемлекеттен қаржылай көмек сұрап, талай табалдырықты тоздырыпты. Әлгіндей құтыларды өңдейтін жабдық бір жарым миллион теңге тұрады екен.
Меруерт Қазбекова оған «Даму» және басқа да қаржылай қолдайтын ұйымдардан көмек жасалуына атсалысатынын жеткізді.
qazaquni.kz