19 тамыз күні Рио-де-Жанейродағы жазғы Олимпидада өнер көрсететін қазақстандық спортшылардың тізімімен таныс болыңыздар. Бүгін былғары қолғап шеберіміз Иван Дычко ең ауыр салмақ дәрежесінде жартылайфиналдық кездесуін өткізеді. 75 келіге дейінгі салмақта боксшы қызымыз Дариға Шәкімова шаршы алаңға шығады. Сондай-ақ боз кілем төріне еркін күрес балуандары шығып, бұған қоса ескекшілер, бессайысшы атлеттер, гимнасшылар мен таэквондошыларымыз өнер көрсетпек.
Рио-2016: 19 тамызға арналған Қазақстан спортшыларының жарыс кестесі
2016 ж. 19 тамыз
2262
0
Байдарка және каноэ есу. Спринт. Ерлер. Бір кісілік байдаркалар. 200 метр. Іріктеу кезеңі
Спортшы: Алексей Дергунов Уақыты:
Басталуы сағат 18:00-де;
Таэквондо. 67 келіге дейінгі әйелдер. 1\8 финалы
Спортшы: Жансель Дениз
Уақыты: Басталуы сағат 18:00-де.
Дениздің өнер көрсетуі сағат 21:30-да; Байдарка және каноэ есу. Спринт. Әйелдер. Төрт кісілік байдаркалар. 500 метр. Іріктеу кезеңі.
Спортшы: Зоя Ананченко, Ирина Подойникова, Наталья Сергеева, Инна Клинова
Уақыты: Басталуы сағат 18:37-де;
Байдарка және каноэ есу. Спринт. Ерлер. Төрт кісілік байдаркалар. 1000 метр. Іріктеу кезеңі.
Спортшы: Илья Голендов, Сергей Токарницкий, Андрей Ергучев, Александр Емельянов
Уақыты: Басталуы сағат 18:51-де;
Еркін күрес. 74 келіге дейінгі ерлер. Квалификация
Спортшы: Ғалымжан Өсербаев Уақыты: Басталуы сағат 19:16-да. Тікелей эфир (KazSport);
Еркін күрес. 57 келіге дейінгі ерлер. 1\8 финалы Спортшы: Нұрислам Санаев
Уақыты: Басталуы сағат 19:16-да. Тікелей эфир (KazSport);
Көркем гимнастика. Жекелей көпсайыс. Квалификация
Спортшы: Сабина Әшірбаева
Уақыты: Басталуы сағат 21:00-де. Тікелей эфир сағат 23:45-тен бастап (KazSport);
Қазіргі бессайыс. Әйелдер. Жүзу
Спортшы: Елена Потапенко Уақыты: Басталуы сағат 21:00-де;
Жеңіл атлетика. Әйелдер. 20 км-ге спорттық жүріспен жүру
Спортшы: Полина Репина, Флорида Миниянова, Диана Айдосова
Уақыты: Басталуы сағат 23:30-да;
Бокс. 91 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі ерлер. Жартылай финал
Спортшы: Иван Дычко
Уақыты: Басталуы сағат 00:15-те. Тікелей эфир («Хабар»);
Бокс. 75 келіге дейінгі әйелдер. Жартылай финал
Спортшы: Дариға Шәкімова
Уақыты: Басталуы сағат 00:30-да. Тікелей эфир («Хабар»).