Зілтемірші Зайчиков Қазақстан қоржынына 10-шы жүлдені салды
2016 ж. 16 тамыз
1862
0
Ауыр атлетикадан 105 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Александр Зайчиков Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.
Қазіргі әлем чемпионы қоссайыс нәтижесі бойынша 416 келіні (223-193) көтеріп, үздік үштікті тұйықтады.
Бұл салмақта өзбекстандық Руслан Нуриддинов чемпион атанды. Илья Ильинмен бірге сынға түсіп, үнемі екінші орын алатын Русланның бағы Рио Олимпиадасында жанды.
Еске сала кетейік, бұл Қазақстан құрамасының 10-шы медалі. Осыған дейін Василий Левит Олимпиаданың күмісін иеленген болатын.