Бұл туралы комиссия төрағасы Асқар Мырзахметов жеткізді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
А. Мырзахметов қалыптасып отырған жағдайды ескере отырып, комиссия мүшелеріне «Жер кодексінің» кейбір нормаларына жарияланған мораторий мерзімін бес жылға ұзартуды ұсынды.
«Өңірлердегі қоғамдық кеңестердің, комиссия мүшелерінің жерге қатысты дерекқорларды әзірлеу туралы ұсыныстарын ескере отырып, Елбасыға жерді сату мен жалға берудің негізгі нормаларына жарияланған мораторий мерзімін 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін созу ұсынылады», - деді А. Мырзахметов.