«Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік грант ала алмайтын болды
2016 ж. 09 тамыз
3004
1
Білім беру гранттарын беру жөніндегі республикалық конкурстық комиссиясы жұмысының алдын ала қорытындылары бойынша «Алтын белгі» иегерлерінің біршамасы мемлекеттік грант есебінен білім ала алмайтындықтары белгілі болды, - деп хабарлайды qazaquni.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз ақпарат таратқан.
«Биыл 2059 «Алтын белгі» иегері оқуын еліміздің ЖОО-да жалғастыруға ниет білдірді. Алайда, олардың дені бәсекелестік деңгейі жоғары қаржы-экономикалық немесе әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы мамандықтарды таңдап алып отыр. Көпшілік елімізде соңғы жылдары индустриялық-инновациялық даму басымдықтарына көп көңіл бөлініп жатқанын ескермей келеді. Биыл да мемлекеттік гранттардың көп бөлігі аталған басымдықтарды жүзеге асыруды көздеп, еңбек нарығының қажеттіліктеріне бағытталып отыр», - делінген хабарламада.
ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындардың басшылығымен бірлесіп, мемлекеттік гранттарды ала алмай қалған «Алтын белгі» иегерлерінің істерін жеке-жеке қарастырып, олардың ЖОО қаражаты есебінен білім алу мүмкіндігін қарастырмақ.
qazaquni.kz