Назарбаев Ердоғанды "бауырым" деп атап, түріктерді қолдайтынын айтты
2016 ж. 07 тамыз
2132
0
Түркия президенті Режеп Ердоғанмен бірлескен баспасөз мәслихатында Қазақстан президенті Ердоғанды бауырым деп атады.
Бұл туралы egemen.kz хабарлайды.
«Жеке күштердің мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыруы бізді қатты алаңдатты. Мұндайды еш уақытта қолдауға болмайды. Қанша адам қаза тауып, қаншасының басына қара бұлт үйірілді. Қаза тапқандардың отбасына жеке өзімнің және Қазақстан халқының атынан қайғырып көңіл айтамын. Осы сапарымды бауырым Ердоғанды және Түрік мемлекетін қолдауға арнадым», – деді елбасы.