Астанадағы Министрліктер үйі алдында картоп егіп тастады
2016 ж. 04 тамыз
2693
0
Министрліктер үйі алдындағы "Новый мир" тұрғын үй кешенінің Қонаев көшесі жағында картоп өсіп жатыр. Бүгінде бақша өсімдіктің бұл түрі гүлдене бастады, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.
Картопты осы жерде орналасқан дәмxана әкімшілігі еккен. Олардың айтуынша, бүгінгі талап бойынша қаладағы әрбір ойын-сауық орны алдында гүлзәр егілуі тиіс.
"Алайда біз еккен гүлзәр өспей қойды. Содан картопты отырғызса, арам шөп өспейді дегенді естідік. Сөйтіп, картоп егіп қойдық. Біз оны жемейміз, тамаққа да қоспаймыз. Күзде қазып аламыз да, лақтырып тастаймыз", - дейді дәмxана әкімшілігі.
Фото автордікі
Арман АСҚАРОВ