Мемлекеттік тіл ережелерін сақтамаған журналистерге айыппұл салынады
2016 ж. 02 тамыз
1655
0
Тәжікстанның тіл және терминология жөніндегі комиеті журналистерді мемлекеттік тіл ережелерін сақтауға шақырды. Әйтпесе БАҚ өкілдеріне айыппұл салынады kaz.365info.kz сайты хабарлайды.
Тіл және терминология жөніндегі комитетінің төрайымы Гавхар Шарофзода 1 тамызда баспасөз мәслихатын өткізіп, мемлекеттік БАҚ өкілдерімен бірге мемлекеттік тіл ережелерінің сақталуы мәселесін талқылағанын хабарлады.
Шарофзода «журналистердің көбіне түсініксіз сөздер қолданып жүргеніне» наразы екенін айтты. «Кейде журналистер көрермендер мен тыңдаушыларға түсініксіз ондаған сөзді бірден қолданады, сол арқылы заң ережелерін бұзады», – деп есептейді ол.
Комитет өкілдерінің хабарлауынша, ТВ, радио және газеттердегі материалдарды тексеретін арнайы комиссия құрылған. Заң бұзғандарға айыппұл салынатыны хабарланды.
Комитет мәліметі бойынша, жеке тұлғаларға салынатын айыппұл – 15-20 айылық есептік көрсеткішке тең (1 АЕК 40 сомони – 8 доллар болады), ал заңды тұлғаларға салынатын айыппұл – 30-40 АЕК.