Шенділер енді қарапайым халыққа байқамай «сен» деп сөйлесе, сотталып кетуі мүмкін
2016 ж. 21 шілде
2176
2
Мемлекеттік қызмет министрлігі шенеуніктердің киім-киісі мен жүріс тұрысына шындап кіріскен сияқты. Себебі қымбат костюм мен қолына Швейцария сағатын таға алмайтын шенділер енді қарапайым халыққа "сіз" деп сөйлеудің орнына байқамай «сен» десе де, сотталып кетуі мүмкін.
Ал мас күйінде көлік айдаудан мемлекеттік қызметкерлер көш бастап тұрған көрінеді. Сондай-ақ пара алуға ең бейім әкімдіктегілер болып шықты. Кейін ішкі істер органдары, ауылшаруашылығы мен денсаулық сақтау саласындағылар бармақ басты, көз қыстыға жиі салады екен.
"Мас күйіне көлік жүргізетін шенеуніктерді жиі жазаға тартып жатырмыз. Тұрғындарға дөрекілік көрсетіп, өзін жоғары қойған шенділер мен жұмыс уақытында орнында отырмайтын 114 қызметкерге де ескертпе жарияладық", - дейді Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі Айгүл Шаимова.