ҚОС ЖУРНАЛИСТ ҚАЗА ТАПТЫ

d0bad18bd0bbd0bcd18bd181-1d184d0bed182d0be Барыс жылына енді ғана қадам басқалы тұрған шақта қос журналист жол апатынан қаза тапты. Қайғылы оқиға Таиланд елінің Паттайя курортында орын алды. Олар «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің PR-бөлімінің директоры Ирина Голдырева мен «Сезон» журналының бас редакторы Жанна Мушраунова болатын. Осы сәтте анасының қасында болған Ж. Мушраунованың қызы Зарина ауыр жарақат алып, ауруханаға түсіпті. Бұл ақпарды «Интерфакс-Қазақстан» агент­¬тігіне И. Голдыреваның жолдасы Дмитрий Жаров телефон арқылы жеткізген болатын. И.Голдырова және Ж.Мушраунова қызы Заринамен қонақүй маңында жолдан өтіп бара жатқан кезде бір көлік соғып кеткен. Олардың алдында ғана осы жолдан Д. Жаров ұлы Егормен және И. Голдыреваның бірінші отбасынан тапқан ұлы Акиммен бірге өткен болатын. Ал, қас қағым сәтте қос журналистің өмірін жалмаған көлік жүргізушісі болса, оқиға орын алған жерден бой тасалап үлгерген. ҚР СІМ баспасөз хатшысы Ільяс Омаровтың айтуынша, Қазақстанның Таиланд еліндегі дипломатиялық миссиясының қызметкерлері оқиға орнынан дер кезінде табылыпты. Ал, сол кезде... Жедел іздестіру шараларының нәти¬жесінде Таиланд полициясы Қазақ¬стандық журналистерді соғып, ізім ғайып жоқ болған жүргізушінің аты-жөнін, көліктің мемлекеттік нөмірін және автокөліктің маркасын анықтады. Бұл турасында ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлімдеді. Баспасөз хатшысының айтуынша, Қазақстанның дипломатиялық миссиясы Таиланд құқық қорғау органдары жүргізіп жатқан тексерудің барысына тұрақты мониторинг жүргізілуде екен.