Назарбаев ІІМ басшысына Алматыға аттануды тапсырды
2016 ж. 18 шілде
2169
12
бүгін, 18:42
Назарбаев ІІМ басшысына Алматыға ұшып баруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министр Кәрім Мәсімовтің Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы ішкі істер Министірлігінің басшысы Қасымовқа Алматыға ұшуды тапсырды", - деп хабарлады Мәсімов Ақордада өтіп жатқан Қауіпсіздік кеңесінің отырысынан. Еске салайық, Қауіпсіздік кеңесі Алматыда болып жатқан жағдайларға байланысты өтті.
Айта кетейік, Алматыдағы Алмалы аудандық ІІБ және ҰҚКД жасалған шабуыл жасалды, қазіргі уақытта Алматыда "Жедел ұстау" арнайы жоспары жарияланды. Осы орайда полицейлер тұрғындарға үйлерінен шықпауды өтінген. Қаладағы барлыққару-жарақ сататын дүкендер жабылған. Үш полиция қызметкері және бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Шабуыл жасағандардың екеуі ұсталды", - делінген Алматы ІІД таратқан ақпаратта. Жансақтау бөлімінде 7 полицей жатыр. Алматыда террорлық қауіптің "қызыл деңгейі" жарияланған.
Куәгер 18 шілдеде видеотіркеу камерасына жазылған видеоны жолдады. Алматыда болған оқиғаға байланысты әлеуметтік желеілермен мессенджерлер арқылы көптеген қауесеттр таралуда. Мысалы "Жұлдыз" ықшамауданында және Қапшағайдағы әскери бөлімге шабуыл жасалды деген ақпараттар расталмады.
kaz.tengrinews.kz