Астанада дінінен жерінген келіншек хәл үстінде жатқан қызына қан құйғызбай шу шығарды
2016 ж. 16 шілде
2025
2
Астанада «Иегова куәгерлері» ұйымының белді мүшесі, жалғызбасты ана Алматыдан бүйрегіне қан жетпей хәл үстінде жеткізілген қызына қан құйдыруға қарсылық танытып жатыр.
Сөйтіп, өз дінінен жерінген қазақ келіншегінің қылығы баланың өміріне қауіп төндіруде деп хабарлайды КТК арнасы.
Қызына қан құйдырғысы келмей орталықты басына көтеріп жүрген ана, қызы қаннан ауру жұқтырып алады деп қорқады. Арнайы медициналық білімі жоқ болса да, 4 күннен бері дәрігерлерді жолатпай тегеруінді қарсылық көрсетуде. Осы кезде онсыз да бір бүйрегі жоқ 11 жасар Даянаның гемоглобині төмендеп, өлім мен өмірдің ортасында жатыр. Әйелді райынан қайтара алмаған "Ана мен бала орталығының" басшылығы полиция, прокуратура және бала құқығын қорғау комитетіне арыз берген.
Бір қызығы, қолдау көрсету үшін «Иегова куәгерлері» ұйымының мүшелері орталыққа келіп, қан құйдырмауға жанталасып жүр. Қазір шенеуніктер баласының өмірін қауіп-қатерге тіккен ананы сотқа беріп, аналық құқығынан айырмақ ойда. Алайда дінінен адасқан Жәмила Бөленова алған бетінен қайтар емес.
"Иә, мен «Иегова» куәгерімін. «Иегова» маған ана ретінде үлкен жауапкершілік жүктейді. Библияда қан құйдыруға қатысты шектеу жоқ. Бірақ қан арқылы ауру жұқтырып алмайтынымызға ешкім кепілдік бермей отыр ғой", - дейді сырқат қыздың анасы Жамилә Бөленова.