Даниал Ахметов ШҚО-да 40 млн теңгеге шыны саркофаг салдырмақшы
2016 ж. 15 шілде
2443
3
Елде пантеонға ақша іздестіріліп жатқанда, ШҚО саркофаг (табыт) салуға кірісуде. Даниал Ахметов аталмыш саркофагқа 40 млн теңге жұмсалатынын мәлімдеді. Бұл туралы ratel.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.
13 шілде күні ШҚО билігі Қатон-қарағай ауданында туристер сақ дәуірінің жәдігерлерін өз көзімен тамашалай алатын өзіндік мұражай салу шешімін шығарды.
Мұндай шешім 12 шілде күні Берел қорғанына ШҚО әкімі Даниал Ахметов барып-қайтқаннан кейін қабылданған. Ол алғашқы турист ретінде артефакттарды тамашалап қайтқан. Аталмыш қорғанда қазба жұмыстарын тарих ғылымдарының докторы Самашев Марғұлан жүргізуде.
Археологтар қазба жұмыстарын жалғастырып жатыр. Олар сақ дәуірінен құнды жәдігерлерді әлі де табатынынан үмітті. Ал табылған жәдігерлерді орнынан қозғамау үшін оларды шыны саркофагпен қаптаған дұрыс деп табылыпты. Ахметов бұл жұмыстарға 40 миллион теңге бөліп, күзге дейін саркофагтың бой көтеретініне сөз берді.