ӘКІМ ТҰРҒЫНДАРМЕН ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
2016 ж. 13 шілде
2745
2

Аудан әкімі С.Сайфеденов жұргізген келелі жиын барысында бірқатар өзекті сұрақтар ортаға салынып, тұрғындар тарапынан аудан басшылығына көптеген сауалдар жолданды.
Тиісінше аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының, төтенше жағдайлар бөлімінің, сәулет және қала құрылыс басқармасының өкілдері халық алдында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мәселен, аудандағы ауызсу, жол жөндеу, жарықпен қамту, су және кәріз құбырларын салу және т.б. мәселелер талқыланды.
Іс-шара барысында тұрғындардан келіп түскен сауалдар мен ұсыныс-тілектер бойынша тиісті хаттама әзірленіп, жауапты қызметкерлерге нақты міндеттер жүктелді.
Осы сияқты іс-шаралар алдағы уақытта бекітілген жоспарға сәйкес ауданның басқа да шағын аудандарында іске асырылатын болады.
Жиыннан өздерін мазалаған сұрақтарына толық жауап алған көпшілік "Әкім бол-халқыңа жақын бол" -деген халық даналығын ұстанған аудан әкімі С.Сайфеденовке ризашылықтарын білдіріп тарқады.
qazaquni.kz
