Обаманың мұсылман киімінде түскен суреті желіні жарды (фото)
2016 ж. 11 шілде
3149
1
Әлеуметтік желі беттерінде АҚШ президенті Барак Обаманың жас кезіндегі суреті жарияланды деп хабарлайды muslim.kz.

Fox News телеарнасындағы «О’Райли Фактор» бағдарламасының жүргізушісі Билл О’Рейли жарияланған бұл суреттерде Обама араб халқының дәстүрлі киімі – галабея мен тақия киіп алған.
Рейли бұл суреттердің Барак Обаманың өгей ағасының Мэрилендте өткен үйлену тойында түсірілгенін айтады.
Сондай-ақ, ол сурет жайлы айта келіп, АҚШ президентінің «ислам дініне деген терең сезімі» оның ДАИШ ұйымының Таяу Шығыста жасап жатқан бассыздықтары жол беріп отыр деп қиыстырып қойған.