15 жылда 1,5 млн отбасын баспанамен қамтамасыз ету қажет. Бүгін «Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы: 2016 жылдың I жартыжылдық қорытындысы» атты кеңесте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
«Маңызды міндет - алдағы 15 жылда 1,5 млн отбасын қолжетімді баспанамен қатмамасыз ету болуы тиіс. Кеше мен Астанада неміс технологиясымен салынған бірегей үй-құрылыс комбинатында болдым. 6 айда үлкен 9 қабатты үй салынады. Бәрін сол комбинат жасайды, қабырғада розетка ойығынан бастап қасбетіне дейін дайындалған, ештеңенің қажеті жоқ. Үйге қажетті детальдің барлығы сол комбинаттан шығарылады», - деді Мемлекет басшысы.
Осы ретте Елбасы үйлерді арзан әрі жылдам салу үшін дәл осындай комбинаттарды дамыту қажеттігіне баса назар аударды.
«Дегенмен, бұл міндетті де ақылға салып шешу қажет. Бірақ, тұрғын үйді қаржыландыру «Тұрғынүйжинақбанкі» арқылы жүргізілуі тиіс», - деп атап өтті ҚР Президенті.