Халықаралық ғалымдар тобы Бейжің қаласы жыл сайын жер астына батып бара жатқанын айтып дабыл қағуда. Жер асты суларын мөлшерден тыс пайдалану әрі жер жыныстарының опырылуы салдарынан қытай астанасы жыл сайын 11 сантиметрге отырып барады. Бұл туралы мақала Remote Sensing журналында жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz.
Қытай астанасы жылдар өте жер астына сіңіп кетуі мүмкін
2016 ж. 27 маусым
8746
13
Ғалымдардың айтуынша, қаланың мұншалықты отыруы тұрғындарға қауіп төндіріп, жоғары жылдамдықты теміржол жүйесін істен шығаруы мүмкін. Жер биіктігінің өзгерісін жер қыртысының кез келген өзгерісін байқап отыратын InSAR – синтетикалық апертурасы бар радарлық интерферометр тіркеді.
Әсіресе алып шаһардың зәулім ғимараттар, айналма жолдар және басқа да қала инфрақұрылымдарының озық үлгілері үйлесім тапқан Чаоян ауданының жерге кіріп бара жатқаны анық сезіледі. Егер бұлай жалғаса берсе, алып ғимараттар мен жер асты жолдарын алапат күтіп тұр.
Жалпы, Бейжің қаласы мыңжылдықтар бойы жер асты сулары жиналған жазықтықта орналасқан. Мөлшерден тыс жер асты суларын сорғылау жер жыныстарының солып, тығыздалуына алып келеді. Қала маңында бірнеше ондаған ұңғымадан су айдалып, қаланы көгалдандыру және ауылшаруашылық мақсаттарына пайдаланылады.
Дерек көзі: БАҚ.кз