ПУТИН ПАРА АЛДЫ МА?
2011 ж. 27 қаңтар
1398
0
Der Spiegel атты интернет-журнал Ресей Федерациясының премьер-министрі В.Путиннің қисапсыз байлығын санаған көрінеді. Мақала авторы, ірі кәсіпкер Сергей Колесниковтың айтуынша, премьер-министр қара теңіздің жағалауында әлемдегі ең үздік делінген вилла салып жатыр екен. Ал Путин мырза мұның бәрін теріске шығарып та үлгерген. Заң бойынша мүлік өз атында болмағандығын байыптап айтып, мәселеден ат тонын ала қашыпты.
Айызы қанбаған Колесников РФ президенті Д.Медведевке соғылып жатқан вилланың құны миллиардтан асатындығын мәлімдегені жайлы хат жазып, мәселеге бел шеше кіріскен. Онымен қоймай, бұл ақшалардың мемлекет бюджетінің медицина саласына арнайы арналған бөлігінен жымқырылып отырғанын дәлелдеген болады.
Мақалада Путиннің ақша ұрлаудағы «досы» ретінде атақты шонжар, байлығының құны 240 миллион долларды құрайтын Николай Шамалов көзге ілініпті.
Путиннің байлығы туралы мәлімет бере кетсек, 2008 жылы Станислав Белковскийдің айтуы бойынша, 40 миллиард долларды құрайды екен. Бір айта кетерлігі, (мәлімет «күмәнді» болғанға ұқсайды) себебі премьер-министр мұндай сомамен әлемдегі ең бай үштікке қосылатын еді. Алдына оқ бойы тек 56 миллиарды бар Билл Гейтс пен 52 миллиарды бар Уоррен Бафетті ғана салатын еді...