Үкіметте допинг мәселесі талқыланды
2016 ж. 21 маусым
2235
10
Үкіметте допинг дауы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Премьер-министр Кәрім Мәсімов жиын басында Мәдениет және спорт министрлігіне сауал тастады.
"Қазіргі уақытта допинг қолдануға қатысты сұрақ көп. Біздің де, Ресейдің де спортшыларының. Тіпті Олимпиада қозғалысына қатысты (...)", - деді Мәсімов.
"Тапсырма беремін және Ұлттық Олимпиада комитетіне, Күлібаев мырзаға бірінші кезекте спортшыларымыз бұл сынақтан лайықты түрде өтсін", - деді ол.
Премьер-министрдің айтуынша, жақсы зертхана сатып алу үшін жеке қаражаттың мүмкіндігін пайдалану керек.
"Спортшылар жарыстарға дейін тесттен өте алып, кейін күтпеген тосын сыйлар шығып жүрмеуі үшін. Спортшылар да сенімді болуы үшін. Әлем өзгеріп жатыр, спорт та соның ішінде", - деді премьер-министр.
Мәсімовтің айтуынша, өткен жылы Қазақстан құрамасын таныстыру барысында ХОК президентімен кездескенін және оның негізгі міндеттердің бірі деп допингпен күресті атағанын айтты.
Еске салайық, осыған дейін Ильиннің Лондонда 2012 жылы өткен Олимпиадада алынған сынамасында қанында тыйым салынған заттардың бар болып шыққаны белгілі болған еді. Сонымен қатар, тағы үш қазақстандық ауыратлеттің қанынан допинг табылған болатын. Кейін Ильиннің 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасындағы допинг-сынамасы тыйым салынған заттың барын көрсетті.
Дерек көзі: tengrinews.kz