Билік Әбдішевтің өтінішін қабылдай ма?
2016 ж. 13 мамыр
2234
0
Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев 12 мамыр күні бейсенбі күні қылмыстық істерге қатысты Қазыбек аудандық сотына мерзімінен бұрын босату туралы қолдаухат берді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Бауыржан Әбдішев Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/1 мекемесінде жазасын өтеуде.
"Аудандық сотқа Әбдішевтен қолдаухат келіп түсті. Алайда оның қаралу уақыты әзірге белгілі емес", - деп хабарлады Қарағанды облыстың сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков журналистерге арналған брифингте.
Естеріңізге сала кетейік, Әбдішевтің бірінші қолдаухаты 14 сәуірде берген, алайда бір күннен кейін себебі түсіндірілместен, кері қайтарылып алды. Облыстың әкс-әкімінің адвокаты бұл жағдайға қатысты қандай да бір түсініктеме беруден бас тартқан.
Бауыржан Әбдішев 2015 жылдың 11 желтоқсанында ауданаралық мамандандырылған сотың шешімімен қылмыстың істің ҚР ҚК 307-бабы "Қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану» ісі бойынша сотталған.
Қарағанды облыстық сотының апелляциялық алқасы 2016 жылғы 14 наурыздағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот үкімін өзгертті. Әбдішевтің бас бостандығынан айыру мерзімі 3 жылға дейін азайтылған болатын.