10 жасар хакер 10 мың долларға ие болды
2016 ж. 04 мамыр
2209
0
Хельсинки тұрғыны оқушы Яни Instagram қосымшасындағы кемшілікті тапқаны үшін 10 000 доллардың чегін алды. Ол пікір жазатын жерге қауіпті код қойып басқалардың пікірлерін өшіретін мүмкіндіктің бар екенін байқаған, деп жазады fortune.com.
Мектеп оқушысының айтуына қарағанда, ол Джастин Бибердің аккаунтына шабуыл жасауға мүмкіндігі болыпты. Алайда жеткіншек керісінше түйткілді жағдайды Instagram мамандарына хабарлаған. Олар оқушыға алғыс ретінде қомақты сома берген. Осылайша Финляндияның жеткіншегі бағдарламалардың қате тұстарын табуға тырысатын сервистің ең жас қатысушысына айналды.
Яни тапқан ақшасының бір бөлігіне велосипед сатып алмақшы. Ол өскенде кибер қауіпсіздік мамандығын таңдайтынын айтуда.
Дерек көзі: ҚазАқпарат