Зүлфияның екі ерлігі қазақтардың қолынан келмейді...

d0b7d183d0bbd184d0b8d18f-d187d0b8d0bdd187d0b0d0bdd0bbd0be

Біз әлем чемпионы болғанымызбен, орысша сұраққа қазақша жауап бере алмаймыз.

«Жас қазақ үні» газетінің «Жыл спортшысы» болып – ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанған Зүлфия Чинчанло танылды. 16 жасар спортшы қыз ең жас әлем чемпионы ретінде ГИННЕС-тің рекордтар кітабына кірді. Зүлфияның елді таңқалдырған екінші ерлігі – өзіне қойылған орысша сұраққа өзінің ана тілі - дұнған тілінде жауап беруі. Біздің қазақтар қанша жерден әлем чемпионы болғанмен... орыс тіліндегі сұраққа ана тілі һәм мемлекеттік тілде жауап беретін ерлікті жасай алмай келеді...

“Жас қазақтың”

жыл адамдары

«Жас қазақ үні» газеті жыл сайынғы дәстүрімен әр саладағы «Жыл адамдарын» анықтады. Телефонмен сұрау салу, sms жолдау, электронды пошта, тікелей сауал жүргізу арқылы көп дауысқа ие болып, сарапшылар алқасының шешімімен танылған «Жыл адамдарын» жетістіктерімен құттықтай отырып, оларға Жаңа жылда зор табыс тілейміз. Таныс болыңыздар, «Жас қазақ үні» газетінің «Жыл адамдары»: Жыл қайраткері – Мұхтар Шаханов Мемлекеттік тілдің мерейі үшін күресіп жүрген Мұхтар Шаханов тұл¬ғасы Ассамблея ұсынған ұлттық мүддеге зиянды, елді бөлетін «Ел бірлігі» доктринасына қар¬сы шығуда асқақтап көрінді. Шаханов бастаған аштық жа¬риялауға бекінгендер саны үш мыңға жетіп, билікке ақыры талабын орындатты. Бұндай жеңіс қыруар қаржылық ресурсы мен үлкен медиақұрылымы бар саяси партиялардың ешқайсысының қолынан келген жоқ... Жыл саясаткері - Әлихан Байменов. «Ақ жол» партиясы саяси пар¬тия¬лардың ішінде тұңғыш рет Ұлттық концепцияны жасап шықты. Бұл концепция саясаттанушылар мен сарапшылар, жалпы зиялы қауым тарапынан жоғары баға алды. Заң ретінде қабылдауға болады деп танылған бұл маңызды құжатты тіпті үкімет мүшелері мен билік партиясы «Нұр Отанның» мүшелері де мойындады.. Тек өздерінің қолынан келмегенмен өзгенің жетістігін қолдауға жігері жет¬пейтін кейбір партиялар ғана үнсіз... Ал биліктің Ассамблея арқылы ұсынған дүбара ұлттық доктринасы ел қарсылығымен уақытша тоқтатылды. Жыл министрі – Мұхтар Құл-Мұхаммед. Іскерлігі мен ілкімділігі, ше¬берлігі мен ше¬шендігі қатар жү¬ретін министр Мұхтар Құл-Мұхаммед қаржылық дағдарыс кезінде мәдениет пен ақпарат саласына бөлінген қаржыны кемітпей, қиындықта да қиыстырып қаржы таба білгендіктен руханият дүниесінде ілгері қа¬дамдар жасады. Телеарнадағы мемлекеттік тілдің үлесін тиімді уақыттарда 50 пайыздан кемітпей, 70 пайызға жеткізу мақсаты, отандық кинодағы өнімдер, «Мәдени мұра» мен театр саласындағы жетістіктер де осының дәлелі. Жыл әкімі – Бердібек Сапарбаев. Шығыс Қа¬зақ¬стан облыс әкімі, белгілі қай¬раткер Бердібек Мәш¬бекұлының басшылығымен шырайлы шығыс орталығында тұңғыш рет Ұлы Абайдың ескерткіші тұрғызылуы ха¬лықаралық деңгейдегі саяси һәм мәдени оқиға болды. Облыстың сан жылдан бері қордаланған мәселелері іскер әкімнің ұйымдастыру дарынымен шешімін тауып жатуы елдің ықласын оятуда. Өскемен қаласына әкім етіп Оңтүстікте бірнеше жыл облыс әкімінің бірінші орынбасары болып, ел ықыласынан бөленген Ислам Әбішевты тағайындауы –Бердібек Сапарбаевтың тапқыр таңдауы деуге болады. Жыл депутаты – Бекболат Тілеухан. Мәжілістегі бір партиядан құ¬рылған де¬пу¬тат¬тардың ішін¬де ең бірінші ай¬ты¬латыны Нұртай Сабилья¬нов екені рас. Бірақ Нұрекең газетіміздің былтырғы «Жыл адамы» болғандықтан биыл ұлттық мүдде, тіл, руханият мәселелерінде батыл үн қатып жүрген Бекболат Тілеухан сауалнама нәтижесі және сарапшылар шешімімен Жыл депутаты атанды. Ел енді Бекболат жыраудың мемлекеттік тіл туралы мықты заң қабылдатуға мұрындық болуын қалайды. Жыл сенаторы - Оралбай Әбдікәрімов. «Нұр Отан» пар¬тиясының жанындағы Жем¬қор¬лықпен күрес ко¬мис¬сия¬сының төрағасы бірталай бы¬лықтардың бетін ашып, бі¬разының жолын кесуге үлес қосты. Ассамблея ұсынған док¬тринаны талқылауда да Орекең өзінің ұлтшылдығы мен біліктілігін таныта білді. Сергек ойлы сенатор негізгі ұлт-Қазақ мүддесін ұлықтауда алдымен Ассамблея бастамашы болуы керектігін басып айтты. Жыл ақыны – Ханбибі Есенқарақызы. «Хан қызындай Ханбибі» атан¬ған айтулы ақын¬¬ның алпыс жылдығында алты томдық шығармалар жинағы шығуы оқырмандарын бір серпілткен оқиға болды десек артық айтқандық емес. Туған жері – саялы Сарағашта басталған той Шымкент пен Алматыда жалғасып, ақын оқырмандарына зор рухани азық сыйлады. Жыл жазушысы – Сәбит Досанов. Өз елінде көп сыналған сайын өнімді жазатын Сәбит Досановты, бір қызығы өзге елдің әлемге әйгілі тұлғалары көп мақтайды. Ұлы аттасы Сәбит Мұқановтай жемісті еңбек етіп келе жатқан Сәбит Досанов жетпіс жылдығының қарсаңында еліміздің жоғары марапаты – «Парасат» орденіне ие болды. Сонымен қатар жазушы Ресейдің «Державин» орденін де омырауына тақты. Әлемнің әйгілі қаламгерлерінің Сәбеңнің шығармаларына зор баға беруі – оның кітаптарын оқымай-ақ сынауға құмар «сыншыларымызға» үлкен соққы болса керек... Жыл драматургі – Дулат Исабеков. Санкт-Петер¬бургтан бастап Ре¬сей сахналарын жау¬лаған Дулат Иса¬бековке енді Оң¬түстік Корея да құда түсті. Сеулде өткен халықаралық театрлар байқауында Алматыдағы кәріс театры қойған драматургтің әйгілі «Әпке» пьесасы зор ықыласқа ие болды. Жыл әртісі – Болат Әбділманов. Таяуда «Құр¬мет» ор¬денімен құр¬мет¬тел¬ген талантты артист Болат Әбділманов үшін биылғы жыл жемісті жыл болды. Ол «Ағайындылар» фильмінде бапкер Айбардың рөлін, «Афолинаның секіруінде» оппозиция жетекшісі Қайраттың образын сәтті сомдады. Ал «Біржан сал» фильмінде Жамбай болысты да жақсы шығарды. Жыл режиссеры – Ахан Сатаев. «Рэке¬ти¬рі¬мен» аты шық¬қан Ахан Сатаев биыл да екі фильм түсіріп үлгерді. Ел аузынан түс¬пей жүрген «Ағବйындылар» фильмі мен «Адас¬қандар» атты фи¬лософия¬лық-психологиялық туындысы Сатаевты саңлақ режиссерлар қатарына қосуда. Жыл сазгері – Қалдыбек Құрманәлі. «Ән аға» әнімен Шәмші ағасы қалдырған ән қайығының ескегін алған Қалдыбек Құрманәлінің жеке есеп беру концерті аузы-мұрны лық толған Республика Сарайында дүрілдеп өтті. Ол тағы да бірден ел аузында шырқалып кеткен «Сырдария жағалауы», «Шағаласы Шардараның», т.б. бірнеше әндерінің тұсауын кесті. Ұлы композитор Шәмшінің шырақшысы ретіндегі еңбегінің өзі бір төбе екенін ел жақсы біледі. Жыл әншісі – Таңат Мамырханов. Жалтылда¬ған жарнама¬сыз-ақ жайымен жүріп, жан¬ға жағымды дауысымен Қазақ радиосы ұйымдастырған «Алтын дауыс» сыйлығын жеңіп алуы – Таңаттай таланттардың танылмай қоймайтын¬дығының кепілі. Мамырхановқа енді мамырлап жүре бермей, дауысы әлсіз бол¬ғанмен, дабысы күшті әріп¬¬тестерінің ширақтығын үйре¬ну керек. Жыл суретшісі – Өмірбек Жұбаниязов. Талай шығармалары тал¬ғампаз сыншылардың жақсы бағасын алып жүрген талантты суретшінің туындылары қазір көрмелерде ең жоғары бағаға ие болып тұр. Әйгілі «Кәмелетке толу» картинасы да суретшінің дара дарынын көрсетеді. Жыл экономисі - Оразалы Сәбденов. Ел экономи¬касы жөнінде ең көп еңбек жаз¬ған әйгі¬лі акаде¬мик Ораза¬лы Сәб¬денов¬тың биыл он томдық таңдамалы экономикалық шы¬ғармалар жи¬на¬ғы жарық көруі үлкен белес. Саясатта да өз пікірін айқын танытып жүрген Орекең дүбара доктринаны да өткір сынады. Жыл дәрігері – Тұрсынкүл Ботабекова. Елбасы қолынан «Парасат» ор¬денін алған «Көз аурулары» ғы¬лыми зерттеу институтының бас директоры Тұрсынкүл Ботабекова көпшілік дауыспен «Жыл адамы» атанды. Аталмыш институт Тұр¬сынкүл Көпжасарқызының білікті басшылығының арқасында талай ғаріптің көз жанарын емдеп, шы¬рағын жағып, алғысқа бөленіп келеді. Жыл ғалымы – Уәлбай Өмірбаев. Дүниежүзінің дүлдүл мате¬матиктері 35 жылдан бері шеше алмай келе жатқан жапон ғалымы М.Нагатоның есебін қа¬рапайым қазақ ғалымы Уәлбай Өмірбаевтың шешуі әлемдік оқиға болды. Америкадағы математика қоғамының сыйлығымен т.б. халық¬аралық сыйлықтарды жеңіп алған Уәлбай биыл өзіміздің мемлекеттік сыйлықтың да иегері атанды. Сөйтіп қазақтың қара баласы әлемнің дара данасына айналды. Жыл баспагері – Қонысбек Ботбай. Қазақстан¬ның еңбек сі¬ңірген қай¬рат¬кері, бас¬па¬гер-жазушы Қо¬ныс¬бек Ботбай басқаратын «Қазақпарат» баспасы «Қазақ әдебиеті тарихының» 10 томдығын шығарып, енді «Қазақ музыкасы антологиясының» 8 томдығын аяқтады. Сонымен қатар «ХХІ ғасыр прозасы» сериясымен шыққан кітаптар, алтынмен апталған алып кітап, ел аузында жүрген «Елібай» жинағы т.б. полиграфиялық көркем безендірілуімен көз тартады. Жыл кәсіпкері – Қайрат Мусин. Биыл «Жыл адамы» болып, Шы¬ғысқазақ¬стандық Қайрат Мусин танылды. Таяуда ҚР Пре¬зиденті Н.Назар¬баевтың қолынан еліміздің ең таң¬даулы кәсіпорындарына берілетін «Парыз» сыйлығын алған Қайрат облыс аумағында мешіт туғызып, бірқатар игілікті шараларға мұрындық болды. Жыл меценаты – Рәшкүл Оспанәлиева. Елбасы қо¬лынан елімізде¬гі ең таңдаулы кәсіпорын жетекшісі ретінде «Парыз» сый¬лығын алған Рәшкүл Оспанәлиева Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Бе¬реке-Ш» компаниясын бас¬қарады. Облыстық мәслихаттың депутаты, іскер басшы Оңтүстік өңірінде көптеген шараларға демеу¬шілік көрсетіп келеді. Сонымен қатар Рәшкүл Оспанәлиева М.Әуезов атындағы ОҚМУ – да 2 студент¬тің ақысын төлеп оқытуда. Жыл спортшысы – Мейіржан Жақсылықов. Қазақтын атын әлемге таныт¬қан боксшыларымыз ке¬йінгі кезде бәсеңсіп қалғаны рас. Дегенмен, үміт күттіріп жүрген¬дер аз емес. Солардың бірі Мейір¬жан Жақсылықов таяуда Азия чемпионы болып, ел мерейін асырды. *Жылдың сәтсіз саяси жобасы – ел қарсылығына ұшыраған «Ел бірлігі» ұлттық доктринасы. *Жылдың сәтсіз ұсынысы – Ақтөбелік профессор Байдосов пен нұротандық Қалетаевтың «Мәңгілік президент» - «Ұлт көсемі» ұсыныстары. *Жыл отставкасы – ҰҚК төрағасы А. Шабдарбаевтың орнынан түсуі. *Жыл өкініші – Теңгенің девальвациясы. Ақпанның 4-і күні таңертең қазақстандықтар 30 пайызға кедейленіп оянды. *Жыл оқиғасы – БТА банк пен Альянс банктің мемлекетке өтіп, басшыларының шетелге қашуы. *Жыл тұтқындалуы – «Қазатомпром» президенті Мұхтар Жәкішевтің даулы ісі. *Жыл мерейтойы - жазушы Әбіш Кекілбайдың 70 жылдығы. Маңғыстаудағы дүрілдеген үш күндік той, Астана мен Алматыдағы халықаралық конференцияларға жалғасып, әлемге әйгілі қаламгердің мерейін тасытты. Тойдың шырқау шегі – Елбасы қолынан «Қазақстан Еңбек Ері» атағының Алтын Жұлдызын алуы. Бұндай зор мәртебе Тәуелсіз Қазақстанның әдебиеті ғана емес, жалпы мәдени-руханиятына берілген бірінші Жұлдыз! *Жылдың үйлену тойы - Әлем гимнастикасы дүлдүлдерінің бірі, шымкенттік Әлия Юсупованың тұрмысқа шығуы. Өте шағын ортада өткен тойда жас жұбайларға Елбасы сыйлығы табыс етілді.