2015 жылы киіктердің неден қырылғаны анықталды
2016 ж. 15 сәуір
3351
2
Өткен жылы қазақстанда 200 мыңнан астам киіктің қырылуына бактериялық инфекция себепші болған, деп жазады The Guardian газеті.
Өткен жылы мамыр айында киіктердің Бетпақдала популяциясының жаппай қырылуына қатысты түрлі пікірілер, болжамдар айтылды. Тіпті кейбіреулер Қызыл кітапқа енген жануарлар зымыранда пайдаланылатын улы отынынан уланды деді.
Киіктерді сақтау альянсы (SСA) өз қорытындысын жануарлар ұрпақ өрбітетін, әрі барынша әлсірейтін маусымда яғни көктемде жариялап отыр. Өлексе тіндердің биоүлгілерін зерттеген бірқатар зерттеу 2015 жылы киіктердің жаппай қырылуына себеп пастереллёз - Pasteurella multocida екенін анықтады.
Бұл қоздырғыш әдетте ақбөкеннің тыныс жолдарында зиянын тигізбей өмір сүре береді. Алайда осы жолы бактерия бақылаудан шығып кеткен. Бұл шөпқоректі жануарлар арасында уақыт өте келе болатыны белгілі, бірақ өлім-жітім 100 пайызға еш уақытта жетпеген. Қазір ғалымдар пастереллёздің осыншалықты қырылуға қалайша алып келгенін анықтауға тырысуда.
Өткен жылы киіктер жаппай қырылғанға дейін олардың жаһандық популяциясы 262 000 шамасында болды. Қазіргі уақытта олардың саны кеміген 100 мыңға жетпейді.
«Киіктер мамыр айында төлдейді, қазір жоғалып кету қаупі төнген осы жануарды зерттеушілер оның тағдырына алаңдаулы», деді SCA әкімшісі Карилн Сэмюэль (Caryln Samuel).
Дерек көзі: ҚазАқпарат