Енді көлік жүргізу куәлігін оқымай-ақ иеленуге болады
2016 ж. 07 сәуір
5219
2
Жүргізу куәлігін автомектептегі дайындықсыз беру туралы норманың қашан енгізілетінін ІІМ өкілдері түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР ІІМ ӘПК төрағасының бірінші орынбасары Әлібек Кеңісбаев бұл норманың Әділет министрлігінде норматив құқықтық актісінің мемлекеттік тіркеуінен кейін және оның жариялануынан кейін енгізілетінін хабарлады.
"Бұйрық қазіргі уақытта мақұлдау кезеңінде, ол Әділет министрлігінде норматив құқықтық актісінің мемлекеттік тіркеуінен кейін және оның жариялануынан кейін енгізіледі. (...) Бұл норма сәуір айының соңына дейін енгізіледі деп күтіп отырмыз", - деп хабарлады Әлібек Кеңісбаев ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің "ХҚКО " РМК-мен бірлесіп, БАҚ өкілдерімен кездесуі барысында. Кеңісбаевтің айтуынша, бұл норма емтихан тапсыру процедурасын оңайландыру және республика азаматтарына қолайлы жағдай жасау мақсатында жасалған.
Тілшілерге баспасөз турын өткізу барысында арнайы ХҚКО өкілдері емтихан тапсыру мен жүргізуші куәлігін алу (A, B категориялары) процедурасының қалай өтетінін көрсетті. А, Б категориясындағы куәліктік алу екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі - теория, мұнда үміткер 40 сұраққа жауап береді. Бұл үшін оған 40 минут уақыт беріледі. "Сұрақтар жол қозғалысы ережесін ғана емес, алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін де қамтиды. Теориялық тестілеуге келсек, егер мүіткер 32 дұрыс жауап берсе, онда ол емтиханнан өткен болып саналады. Бұдан кейін ол практикалық емтиханға рұқсат алады", - деп түсіндірді ҚР ІІМ ӘПК төрағасының бірінші орынбасары.
Үміткердің куәлік алуға үш мүмкіндігі болады. Егер барлығы сәтсіз болса, ол келесі емтиханға жарты жылдан кейін ғана кіре алады. Арнайы ХҚКО өкілдері жүргізу куәлігінің мемлекеттік салығының 2651 теңгені құрайтынын айтты.
Дерек көзі: tengrinews.kz