Астанада Талғат Ермегияевтің ісі бойынша сот отырысы басталды
2016 ж. 04 сәуір
2310
0
Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «ЭКСПО-2017»ҰК» АҚ бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтің ісіне қатысты бірінші сот отырысы басталды.
Ұлттық компанияның экс-басшысына ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды BNews.kz.
«Астана ЭКСПО-2017» бұрынғы төрағасы Талғат Ермегиявке қатысты қылмыстық іс 2016 жылдың 10 наурызында Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
Бүгін атышулы іске қатысты алғашқы отырыс өтеді, судья болып Әділхан Шайхисламов тағайындалды.
Естеріңізге салып өтсек, былтыр 11 маусымда Талғат Ермегияев «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы лауазымынан босатылды. Кейін Астана аудандық соты сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемденіп, ысырап етті деген күдікке іліккен Ермегиявті үйқамаққа алу туралы шешім шығарды. Сондай-ақ экс-басшының жиған-терген мүлкі де тәркіленді.
Бұған қоса, жуырда қамауға алынған Талғат Ермегиявтің бірнеше ай бойы оққағары Саят Нәдірбаевты полицейлерден жасырып келгені мәлім болды. Болжам бойынша, мемлекеттен ұрланған ақшаны жоғары шенді шенеунікке нақ осы оққағары жеткізіп отырған.
Дереккөз: BNews.