Қазақстандық миллионерге елден шығуға тыйым салды
2016 ж. 31 наурыз
2242
0
Жеке сот орындаушысы «Иволга-Холдинг» ЖШС бас директоры Василий Розиновке Қазақстан аумағынан кетуге тыйым салды деп хабарлайды NUR.KZпорталы "Наш Костанай" басылымына сілтеме жасап.
Танымал кәсіпкер әрі меценат, «Иволга-Холдинг» ЖШС директоры Василий Розиновтың елімізден Ресейге шыға алмай отырғанына бір айдай уақыт болып қалды. Оған уақытша елден шығуға шектеу қойылған.
Василий Розинов Қостанай қалалық сотына шағым түсіріп, жеке сот орындаушысының шешімін қайта қарауды талап етуде.
«НК» басылымы анықтағандай, кәсіпкерге 2016 жылдың 3 наурызынан бастап елден шығуға тыйым салыныпты. Розиновтың өкілі хабарламаны 16 наурыз күні алған.
Сот шешімі «Пешковский ХПП» ЖШС «Казахстанская зерновая компания» ЖШС-не қомақты қаржы қарыз болып қалғанын анықтады.
Алайда олар қарызын қайтаруға асықпағандықтан, сот орындаушысы ЖШС-нің құрылтайшысына елден кетуге тыйым салған.
Ал өз шағымында Василий Розинов қарыз болып отырған тікелей өзі емес, «Пешковский ХПП» ЖШС-і екенін алға тартып, қойылған шектеулер заңға қайшы екенін сөз етеді.
Василий Розинов Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі. 2015 жылы оның мүлкі 300 млн долларға бағаланған.