Facebookте жалған ақпарат таратқан адамға айыппұл салынды
2016 ж. 28 наурыз
1923
0
Қызылорда облысының тұрғыны әлеуметтік желіде дәйексіз ақпарат таратқаны үшін 63 630 мың теңге айыппұл төлейді, деп хабарлады облыстың ІІД баспасөз қызметінен.
«Облыс тұрғыны көрші пәтерді тонап жатқаны туралы фото қосымшамен тексерілмеген ақпаратты «Фейсбукке» жариялаған. Жарияланған материалды жедел тексеру барысында анықталғандай, әлеуметтік желі пайдаланушысы ешқандай дәйекті фактісіз, көршісінің айтуымен ақпаратты желіге орналастырған. ҚР ӘҚтК 438-бабына сәйкес оған 30АЕК, яғни 63 630 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды», - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, ҚР ҚК 274-бабына сәйкес «Қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтар немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалған мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін тудыратын көрінеу жалған ақпаратты таратқан адамдар ҚР ӘҚтК 438-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Дерек көзі: ҚазАқпарат