ҚР ІІМ экс-полицейдің әріптестері жайлы мәлімдемесіне түсінік берді
2016 ж. 24 наурыз
1950
0
Қазақстан Ішкі істер министрлігі атыраулық экс-полицей Манарбек Өтеуовтің ісіне байланысты түсінік берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Министрліктің мәліметі бойынша, биылғы жылдың 26 ақпаны күні, Өтеуовтің ісі сотқа өткізілген.
ҚР ІІМ таратқан хабарламада: «Істі тергеу барысында Өтеуовке ҚР Қылмыстық кодексінің кісі өлтіру, адам ұрлау, ұрлық, тонау, қызметін асыра пайдалану, билік өкіліне қарсы күш қолдану, заңсыз құжат әзірлеу сынды бірнеше бабы бойынша айып тағылды» — деп . Атап айтқанда, деректер бойынша айыпталып жатыр» делінген.
Ведомствоның мәлімдеуінше, 2015 жылдың 5 тамызында Атырау қалалық ІІБ-нің ішкі қауіпсіздік бөліміне, сол жерде жұмыс істейтін Манарбек Өтеуовтің Өзбекстан азаматы Дмитрий Кимді өлтіргені туралы арыз түскен. Осы ақпарат бойынша, ІІД сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастаған. Бұл іспен арнайы прокурордың қарамағындағы оперативтік-тергеу тобы айналысуда.
«Тергеу барысында күдікті Өтеуовтің кісі өлтіріп, марқұмның 1,5 миллион теңгеге бағаланған дүние-мүлкін иеленіп кеткені дәлелденді. Күдікті мен оның әйелі қылмыстық іс материалдарымен танысып, жауапкершіліктің тым ауыр екенін сезінгеннен кейін түрлі органдарға өз басшыларының үстінен шағым түсіре бастады», — дейді министрліктегілер.
Сондай-ақ, іс материалдарымен танысу кезінде Өтеуов психикасында ауытқушылық бар екенін дәлелдегісі келген, өз-өзіне қол жұмсамақшы болған. Алайда, сот-медициналық сараптама оның ақыл-есі дұрыс, сот алдында жауап бере алатынын анықтап берді.
Соған қарамастан, Атырау облыстық прокуратурасының арнайы прокуроры күдікті Өтеуовтің келтірген дәлелдеріне байланысты, қалалық ішкі істер басқармасының лауазымды қызметкерлері: М.Тағаниязов, Н.Қабдешов және Б.Шалтеновтерге қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін бастады.
Естеріңізде болса бұған дейін кісі өліміне қатысы бар деген күдікпен қамалған милиционер өлтіруге тапсырысты өз бастығы бергенін жазғанын айтқан едік.
Дерек көзі: Halyknews.kz