Елімізде педофилдерге арналған сайт ашылуы мүмкін
2016 ж. 04 наурыз
2287
0
Сенатта педофилдерді химиялық піштіруге қатысты заң жобасы қарастырылып жатыр. Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркельдің пікірінше, заң жобасы қабылданады, деп хабарлайды BNews.kz.
«Әрине, химиялық піштіруді енгізсек, бар пәленің тамырына балта шабамыз деп айта алмаймын. Дегенмен, шетелдік тәжірибеден көріп отырғанымыздай, бұл жаза енгізілгеннен кейін әлемдегі педофилдердің 60 пайыздан астамы мұндай қылмысты жасамайды», - дейді Иоган Меркель.
Оның айтуынша, педофилдерді «қоғамдық айыптауға» қатысты заң жобасы да қарастырылып жатыр.
«Біз бұл «маньяктарға» қатысты сайт әзірлегіміз келіп отыр. Еліміздегі әрбір азамат жасөспірімдерге қиянат жасағандардың бейнесін, аты-жөнін және мекен-жайын осы сайттан көре алады», - дейді Меркель.