ҚАЗАҚ ТІЛІН БӘРІМІЗ БІЛУГЕ ТИІСПІЗ! - Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ
2016 ж. 02 наурыз
5753
62
1 наурыз 2016 жыл
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алғыс айту күні мерекесіне орай Тұңғыш Президент мұражайында сөйлеген сөзінде тағы да үштілділікке тоқтала отырып, барлық қазақстандықтар мемлекеттік тілді білуі тиіс екенін атап айтты.
Мемлекет басшысы Алматының дамуы мен 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізуге дайындық жайлы жиналыста Президент аппаратына "Тілдер туралы" Заңның орындалуын тапсырғанын айтып өтті.
"Ешкімге еркінсуге жол берілмейді... Маған таяуда бұл туралы айтуға тура келді, өйткені тілдік қатынаста осындай заң бұзушылықтар болды. Бірақ біз айттық қой, үштілділікті ұстанамыз деп... Мемлекеттік тіл - біз бәріміз өмір сүріп жатқан халықтың тілі, оны бәріміз білуге тиіспіз", - деді бүгін Нұрсұлтан Назарбаев.
Дереккөз: matritca.kz