Есепшінің есебі Елбасыға жақпады
2016 ж. 25 ақпан
2147
0
Нұрсұлтан Назарбаев бюджет ақшасының қалай жұмсалып жатқанын тексерді. Бірақ, Ақордаға шақыртылған Есеп комитеті төрағасының мәліметі президентке аса жақпады деп хабарлайды КТК арнасы.
Себебі былтыр министрліктер, әкімдіктер, комитеттер мен басқа ведомстволар 1 триллионнан астам теңгені сауатты жұмсай алмаған. Сөйтіп, ірі қаржылық заңбұзушылыққа жол беріпті.
Бюджет ақшасын дұрыс жоспарлай алмаған шенеуніктер әкімшілік жауапқа тартылып, 40 материал сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроға берілген. Президент Есеп комитетінің төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршинге қазынаның әр тиынының жұмсалауын қатаң қадағалауға пәрмен берді.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.