Қайрат Нұртас сырқаттанып қалды

“Жалғызымды жария еткім келмейді” деп өнерінен бөлек отбасылық өміріне халықтың қызығушылығын арттырған Қайрат Нұртас сырқаттанып жатыр.

000 Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

27 жастағы әнші бір-екі жерінің сырқырағанына шағымданып жатыр. Аурудың алдын алуды ойласа керек, отандық емханалардың біріне қаралып та үлгерді.

“Ел аузында” бағдарламасында анасы “Кореяға, басқа жаққа ұсыныстар түсті. Бірақ өзімізде Қазақстандағы Астана қаласының емханасында емделіп, анализ тапсырып тексеріліп алайық деген ой болды” деп тек өнерде емес, емделуге келгенде де түрлі ұсыныс түскенін тілге тиек етті.

Емдік шараларын алып үлгерген әнші дәл қазір аман-сау. Денсаулығы туралы өзі “Денсаулық қазір жақсы. Барлық профилактиканы өтіп шықтым. Негізі емделмейтін едім” деп бұрын-соңды қатты сырқамайтынын жеткізді.

0

Әншінің көзден таса болып кеткенін көпшілік оның өнерден алыстағанымен байланыстырса керек. Көпшіліктің мұндай пікіріне анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекқызы да қарап қалмады. Өзінің инстаграмдағы парақшасында баласын мұқататындардың да, оны қатты жақсы көретін де жандардың бар екені туралы жазды.

“Көптеген тыңдарманы Қайратты өнер әлемінен кеткенін қаламайтынын айтуда. 20% жұртшылық мұқатып әлек, ал 80% халық Қайратсыз сахнаны елестете алмаймыз, сол сахнаның көркі кететіндей, сенсеңіз қимай жылап отырып жазып отырмыз деп жүрегімізді шымырлатқандар бар” деп баласына айтылар сөз бен жазылар пікірді жіті бақылайтынын танытты. Бұдан өзге жаңа бейнебаяны жарыққа шығып, жаңа әндерімен қуантатындығын айтты.

Қазіргі таңда Алматы қаласында ағылшын тілін оқып жүрген әнші Құманай Әбдірәліге сөзі жазылған “Бүгін сенің туған күнің” атты ән де дайындап үлгеріпті.

Дерек көзі: Stan.kz