Ерасыл Әубәкіровті өлтіргендер куәгерге қоқан-лоққы көрсеткен
2016 ж. 15 ақпан
3409
0
Ерасыл Әубәкіровті азаптаушыларды видеоға түсіріп алған 21 жастағы Нұрбек Әжімбайдың адвокаты оған күдіктілердің туысы қысым көрсеткенін айтты.
НҰРБЕК ӘЖІМБАЙ
Бұл туралы yk-news.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Ғабиден Бөкеновтің айтуынша, Нұрбек Әжімбай Ерасыл қайтыс болған соң ғана бейнежазбаларды полицияға әкеліп тапсырған.
Еске сала кетейік, 3 ақпан күні үйінен шығып кетіп, 10 ақпан күні денесі табылған астаналық студент Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты 4 күдікті қамауда отыр. Ерасылды азаптаған сәттерді видеоға түсіріп алған Нұрбек Әжімбай да күдіктілер қатарында.
Жас жігіттің ата-анасытағы бір күдіктінің дәулетті туыстары тергеу жүргізуге кедергі келтіреді деген пікірін жасырмады.
"Күн сайын қысым мен қорқыныш көбейіп барады. Процессуалды емес іс-әрекеттер басталды. Сондықтан, дабыл қағып отырмыз", - дейді адвокат Бөкенов.
Қорғаушы Ғабиден Бөкеновтің айтуынша, Нұрбек Әжімбайдың басқа күдіктілер сияқты кінәсі жоқ.
"Менің қорғауымдағы адам бұрын Аян Мейірбаевпен жай ғана таныс болған. Олар бір кездері бірге оқыпты. Жақында олар кездейсоқ кездесіп қалып, Аян оған өзінің оққағары ретінде бір жерге барып келуге ұсыныс білдірген. Нұрбек бұған таң қалмаған, себебі, өзінің жеке "авторитеті" үшін Аян оққағар алып жүргенді ұнатады екен. Осы жолы да ол бірнеше адам мен Нұрбекті коттеджге шақырған", - дейді адвокат.
Аталған коттеджде қандай оқиғаның болғаны белгісіз. Бұл тергеу барысында анықталмақ.
"Нұрбек Ерасылды мүлде танымаған және бұл үйге оны шақырмаған. Тіпті, Ерасылға мүлде тиіспеген. Ол оқиғаға еріксіз куә болған соң, видеоға түсіріп, кейін тезірек кетіп қалуға тырысқан", - деді Бөкенов.
Адвокаттың айтуынша, күдіктінің туыстары видеоны полицияға бермеу үшін қоқан-лоққы көрсеткен.
"Бірнеше адамның Ерасылды азаптап жатқанын көре тұра, ол неге дереу полицияға хабар бермеді?", - деген сұрақ баршаның көкейінде жүргені белгілі.
Қорғаушының айтуынша, күдіктінің туыстары қандай да бір ақпарат берер болса, Нұрбекке зәбір көрсететіндерін айтқан.
"Нұрбек Әжімбайға WhatsApp-тан "Етті жүксалғыштан алыңдар" деген хат келген. Бұл жерде "ет" деп мәйітті айтып тұр. Ол Ерасылдың тірі еместігін естіген соң ғана полицияға хабар берген", - дейді адвокат.