Ерасылдың өліміне күдікті жігіт прокуратураның бұрынғы қызметкері емес екен...
2016 ж. 12 ақпан
3757
1
11 ақпан күні БАҚ-та Ерасылдың өліміне күдіктілердің бірі прокуратураның бұрынғы қызметкері деген ақпарат тараған болатын. Астана прокуратурасы бұл ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
ЕРАСЫЛ ӘУБӘКІРОВ. ФОТО: INSTAGRAM
"Қала прокуратурасы құрықталған 1994 жылғы Нұрбек Әжімбайдың 2015 жылдың 29 шілдесінен 31 желтоқсанына дейін елді жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша Астананың әлеуметтік бағдарлама басқармасымен Сарыарқа ауданы прокуратурасына техникалық жұмыс атқаруға жіберілгенін мәлімдейді. Еңбекақысын Жұмыспен қамту басқармасы төлеп отырды. Әжімбай жедел қызметтерді орындайтын прокуратура қызметкері болған емес", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, әлеуметтік желілерде 3 ақпан күні 23 жастағы медициналық университеттің 6-шы курс студенті Ерасыл Әубәкіровтің іздестіріліп жатқаны туралы хабарлама тараған болатын. Жас жігіт үйінен "тірлігім бар" деп шығып кетіп, қайта оралмаған. Ерасыл көп ұзамай өлі күйінде табылды.
Туыстары оның мәйітін табуға Әзірбайжан экстрасенсі Кямран Самедовкөмектескенін мәлімдеді.
Дереккөз: Nur.kz