Т.Төлешовтің төңірегіндегі әңгіме толастамай тұр
2016 ж. 09 ақпан
2472
0
Астананың аудандық соты бизнесмен Тоқтар Төлешовті қамау туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
8 ақпанда Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы күдікті Тоқтар Төлешовтің адвокатының жеке шағымын қарастырған. Бірінші ақпанда Астанадағы №2 Алматы соты кәсіпкерді екі айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын таңдаған болатын.
"Төлешовтің адвокаты бірінші инстанциядағы соттың қаулысына келіспей, тергеу судьясының жоғарыда көрсетілген қаулысын алып тастап, кәсіпкерді қоғамнан аластатуға байланысты емес бұлтартпау шарасын таңдауды сұраған еді. Астананың аудандық соты іс материалдарымен танысып, бизнесмен Тоқтар Төлешовті қамау туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды, ал адвокаттың жеке шағымын қанағаттандырмады", - делінген Астана сотының сайтында.
Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 30 қаңтарда Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған еді. Тұрғылықты мекен-жайы мен жұмыс орнын тексерген кезде қару, есірткі заты және оқулық табылып, тәркіленген. Ұсталған кәсіпкер "Шымкентсыра" ЖШС иесі және Террорлық қатерлерді сараптау орталығын басқарған. Бірлестіктің сайтындағы өмірбаянда Төлешовтің 2008 жылдан бастап қоғамдық ұйымдарда көптеген қызметтерді атқарғаны жазылған. Сонымен бірге, ол - "Нұр Отан" партиясының мүшесі, бірнеше журналистер одағының мүшесі және Қазақстан казактары бірлестігінің жоғарғы атаманының кеңесшісі. Айта кетейік, Шымкенттегі арнайы операцияға оңтүстікқазақстандық полицейлер тартылмаған. Бұл операцияны елорданың арнайы қызметтері бақылап, тергеп отыр. Толығырақ: kaz.tengrinews.kz