Бүгіннен бастап, Ұ.С. Сәдібеков облыс әкімінің орынбасары лауазымында әлеуметтік және идеология салаларына жетекшілік ететін болады. Ұласбек Сәдібекұлы Бәйдібек ауданы Жамбыл ауылында 1967 жылы дүниге келген. Білімі жоғары, мамандығы бойынша инженер-электрик, халықаралық экономист. Еңбек жолын 1983 жылы Алғабас аудандық мал бордақылау бірлестігінің жұмысшысы болып бастаған. 1992-2015 жылдары Алғабас ауданы әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің маманы, бас маманы, жастар ісі, саяхат және спорт басқармасының бастығы, Шымкент қаласы «Жетіген» ЖШС директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары, облыс әкімі аппараты әлеуметтік-мәдени кешені бөлімінің меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан облысы жастар ісі және ішкі саясат департаментінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек, Сарыағаш аудандарының әкімі, «Нұр Отан» ХДП-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.2012 жылғы қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып еңбек етіп келді.Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен өңір басшысының өкімімімен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымына Ұласбек Сәдібекұлы Сәдібеков тағайындалды.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
2016 ж. 08 ақпан
2594
0