Депутаттыққа үміткер ретінде бір оралман тіркелді
2016 ж. 01 ақпан
3478
10
Бүгін Астанада «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының ХІІ кезектен тыс съезі өтіп, мәжіліс сайлауына үміткерлер тізімі бекітілді, – деп хабарлайды «Қамшы» порталы. Съезд барысында делегаттар парламент мәжілісінің депутаттарын мерзімінен бұрын сайлауға қатысу туралы шешім қабылдады. Осыған орай, заңнама талаптарына сай 19 адамнан тұратын үміткерлердің партиялық тізімін бекітті. Олардың арасында Қытайдан келген қандасымыз, белгілі кәсіпкер Баһаргүл Төлеген де бар.
Егер бір орын болсын мандатқа ие болатындай мүмкіндік болса, "Ауыл" партиясы халықтың тілегіне орай Бахаргүл Төлегенді өткізуге болар еді.
qazaquni.kz Дерек көзі: Қамшы.кз