Бәссаудадан түскен ақша бүлдіршіннің денсаулығына жұмсалады
2016 ж. 31 қаңтар
1867
0
Геннадий Головкиннің қолтаңбасы бар қолғап 1100 АҚШ долларына бағаланды
Инстаграм желісінде пайдаланушы @gulmira001-дің өткізген қайырымдылық бәссаудасында Геннадий Головкиннің қолтаңбасы қойылған қолғап 1100 АҚШ долларына сатылған.
«Жана ғана таныстыруды қажет етпейтін адамның қолтаңбасы бар жеке қолғабын тапсырдық. Мен оны @amina_help_astana есімді кішкентай қыз бала үшін сұрадым. Бұл қолғаптың жаңа иесіне денсаулық, балаларының батыр және чемпион болуын тілеймін. Бұл дерттің тұмау сияқты тез емделуін тілейікші. Балалар өмір сүріп, өсуі керек. Бәссауда бүгін сағат 22:00-де аяқталады. Бағаны өздеріңіз тағайындайсыз, ақшаны да өздеріңіз жібересіз, чектің орнына лот аласыздар. Барлығымызға сәттілік!» - делінген пайдаланушының парақшасындағы мәтінде.
Бәссаудадан түскен ақша дәрігерлер «Өткір лимфобласталық лейкоз» диагнозын қойған жеті жасар Әмина Гильфанованы емдеуге жіберілді.
Қолғапты сатып алушының есімі - Антон Рубин.
Дерек көзі: ҚазАқпарат