2016 жылы өзгерген айыппұлдар
2016 ж. 27 қаңтар
4098
0
Жаңа жылдан бастап әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн салынатын айыппұл сомасы мен жаза көлемi де өзгердi. Осыған орай, назарларыңызға ең жиi кездесетiн әкiмшiлiк айыппұл мен жаза түрлерiнiң 2016 жылғы мөлшерiн назарларыңызға ұсынып отырмыз:
Мемлекеттiк нөмiрi көрiнбейтiн көлiктi жүргiзгенi үшiн – 10 605 тг; Мемлекеттiк нөмiрi жоқ көлiктi айдағаны үшiн – 21 210 тг; Рөлде телефонмен сөйлессеңiз – 10 605 тг; Белгiленген жылдамдықты асырсаңыз: сағатына 10-20 шақырым – 21 210 тг; сағатына 20- 40 шақырым – 31 815 тг; жылдамдық сағатына 40 шақырымнан асса – 63 630 тг; Қауiпсiздiк белбеуiн тақпағаны үшiн – 10 605 тг; Көше тоғысынан өту ережесiн бұзғаны үшiн: көше қиылысына кептелiс кезiнде шықсаңыз – 21 210 тг; көше қиылысындағы қозғалыс басымдығына қатысты ереженi бұзғаны үшiн – 31 815 тг; Маневр жасау ережесiн бұзу: қозғалыс алдында, бұрылу және тоқтау кезiнде ескерту белгiсiн қосу талабын орындамасаңыз – 10 605 тг; тыйым салынған жерден бұрылу немесе артпен жүрудiң құны – 21 210 тг; Жолаушылар жолымен жүрсеңiз – 31 815 тг; ЖЖЕ тыйым салған жерде қарсы бағыттағы жолға шығып кеткенi үшiн 1 жылға жүргiзу құқынан айырады; Тыйым салынған жерде тоқтап, көлiктi қойсаңыз – 21 210 тг; Тротуарда және балалар алаңқайына тоқтап немесе көлiгiңiздi қаңтарғаныңыз үшiн – 31 815 тг; Өзге көлiктiң қозғалысына кедергi келтiрудiң құны – 42 420 тг; Бағдаршамның немесе жол бағытын нұсқаушының тыйым салған белгiсiн елемегендерге – 21 210 тг; Көлiктi алкоголь iшiп, есiрткi тұтынып немесе токсикамандық мас күйiнде жүргiзгендердi 3 жылға жүргiзу құқығынан айырады; Құқық қорғау қызметкерiнiң көлiктi тоқтатуға байланысты заңды талабын орындамасаңыз 1 жылға жүргiзу құқығынан айырады; Жүргiзушi құқығынан айырылған немесе ондай куәлiгi жоқ адамға көлiгiн жүргiзуге берудiң айыбы – 42 420 тг; Қоғамдық орындарда былапыт сөйлегендер,ластағандар, жалпы қоғамдық тәртiптi бұзып, адамдардың мазасын алғандар – 21 210 тг; Түнгi уақытта шуласаңыз (түнгi 23:00 – таңғы 6:00) – 10 605 тг; Қоғамдық орындарда алкогольдi iшiмдiк iшу және мас жүру – 10 605 тг; Тыйым салған жерлерде темекi шексеңiз – 6 363 тг.