Депутат болғысы келетіндер бар байлығын жасырмай жариялауы тиіс
2016 ж. 26 қаңтар
1975
8
Парламенттегі орынтақтан үміткерлер декларация тапсыруға әзірленіп жатыр. Жиған-тергенін кандидат қана емес, олардың жұбайы да тізіп беруі керек.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Ал декларациядағы мәліметтер салық комитетінің сүзгісінен өтетінін ескерсек, өтіріқ ақпарат анықталса кандидат тіркеуге алынбайды. Бірақ, бұл отбасылық дүние-мүліктің құны белгілі бір сомадан асып кетпеу керек деген сөз емес.
Әзірге наурыздың 20-на белгіленген мерзімінен бұрын өтетін сайлауға бірнеше партия қатысатындықтарын мәлімдеп үлгерді. Қалған саяси күштер құрылтайға дайындалуда. Мәжіліс пен мәслихат сайлауына бюджеттен 8 миллиард теңге бөлінгенін айта кетейік.
Орталық сайлау комиссиясындағылар дағдарыс кезінде қыруар қаржыны үнеммен жұмсауға кеңес беріп отыр.
“Сайлауға бөлінген қаржыны үнемдеу үшін қатаң қаржылық бақылау қажет. Қазіргідей қиын жағдайда қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол бермей, әрбір тиынды мақсатты түрде пайдалану керек”, – дейді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.
qazaquni.kz