«Ақ жол» партиясы Мәжіліс депутаттарына кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешімді қолдайды
2016 ж. 22 қаңтар
2036
1
«Ақ жол» саяси партиясы Мемлекет басшысының «Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлығын қолдайды. Бұл туралы аталған партияның Елбасының оң шешімін құптаған мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды BNews.kz.
"Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал және көрегендік саясаты әрқашан да жаһандық экономикалық дағдарыс тудырған көптеген елеулі қиыншылықтардан елдің ойдағыдай өтуіне мүмкіндік берді. Және бүгінде, Қазақстан жаңа әлеуметтік-экономикалық өзгерістер табалдырығында тұр, елді ауқымды жаңарту бағыты қазірдің өзінің нақты белгілеріне ие болды.
«100 нақты қадам» бес институционалдық реформаларын жүзеге асырудағы Ұлт жоспары ауқымында жаңа 80 заң қабылданды. Ұлт жоспарының әрбір бағыты бойынша жол картасы жасалды, барлық өзгерістерді жүзеге асырудың жіті жоспарлары бар.
Нақты істерді жүзеге асырудың жаңа кезеңі басталды. Нақ қазір біз барлық жоспарлардың толық және мерзімінде орындалуына сенімді болғымыз келеді.
Өзінің қатарына жеке бизнес өкілдерін, кәсіпкерлерді біріктіре отырып, «Ақ жол» партиясы әлемдік экономикалық дағдарыс салқынымен бірінші болып бетпе-бет келетін адамдардың мүддесін қорғайды.
Бұл жағдайда біз өзіміздің сайлаушыларымызға, өзіміздің әріптестерімізге біздің жоспарларымыз бен уағдаластықтарымыз орындалатынына айқын кепілдіктер беруге тиіспіз.
Біз Ұлт жоспарының, бүкіл еліміздің болашағы тәуелді барлық реформалардың ойдағыдай орындалатынына сенімді болуға тиіспіз.
«Ақ жол» партиясының мүшелері Мемлекет басшысына Мәжілістің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы депутаттар бастамасын қолдағаны үшін алғыс айтады. Біздің сайлаушыларымыз өздерінің қалаулыларына толық сенімді, ал депутаттар Қазақстан азаматтары оларға толық сенетініне сенімді болуға тиіс.
Біз жаңа Қазақстан үшін, біздің ортақ Отанымыздың жарқын болашағы үшін!", - делінген мәлімдемеде.
qazaquni.kz