Астанадағы "Жылжымайтын мүлік орталығы" РМК қызметкерлері парамен ұсталды
2016 ж. 17 қаңтар
2222
1
Астана қаласы бойынша "Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бірқатар қызметкері парамен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астанадағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық Бюро департаментіне сілтеме жасап.
Хабарламада "Жылжымайтын мүлік орталығы" РМК-ның елордалық филиалының жетекшісінің орынбасары, жылжымайтын мүлік жөніндегі маманы және "Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы" РМК-ның астаналық филиалының жер телімдерін рәсімдеу жөніндегі сектордың басшысы ұсталғаны айтылған.
"Лауазымды тұлғалар алдын-ала келісім жасап, жер теліміне мемлекеттік актіні толтырғаны үшін жеке тұлғадан сегіз мың доллар сомасында пара алғаны анықталды", - делінген хабарламада. Айта кетейік, ұсталғандар өз істерін толықтай мойындап отыр. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары сотқа дейнгі тергеу жүргізіп жатыр.
qazaquni.kz