Nomura сарапшылары таяу күндері Brent 30 долларға шейін түседі деп болжап отыр
2016 ж. 08 қаңтар
2604
0
Brent мұнайының бағамы алдағы он күннің ішінде барреліне 30 долларға шейін арзандайды, деп болжайды Nomura сарапшылары.
Ал, UBS Group AG мамандарының пікірінше баға бұдан да төмен болуы мүмкін, деп хабарлайды ресейлік РБК агенттігі.
Жапонияның Nomura қаржы холдингінің сарапшылары солтүстіктеңізден өндірілетін Brent мұнайының баррелі алдағы он күн шамасында 30 долларға шейін түседі деп болжап отыр.
Батыстехастық WTI мұнайының бағасы ең төменгі 2003-ші жылғы деңгейге, Brent 2004-ші жылғы деңгейге түсті. WTI мен Brent соңғы төрт күнде 33 доллар деңгейінде саудалануда. Ал, UBS Group AG мамандары «мұнайдың артығымен саудалануы бағаны барреліне 30 доллардан да төмен деңгейге түсіреді» деген пікірді ұстануда.
qazaquni.kz