Еліміздің тас жолдарында 631 адам құтқарылды
2016 ж. 04 қаңтар
1761
1
Бүгін таңғы сағат 8:00-дегі мәлімет бойынша, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Қызылорда облыстарында 21 учаскеде қозғалыс тоқтатылды, соның ішінде 13-і – республикалық, ал қалған 8-і облыстық маңыздағы тас жолдардың учаскесі, деп хабарлайды BNews.kz.
[caption id="" align="aligncenter" width="3524"] Фото: dic.academic.ru[/caption]ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен мәлімдегендей, апатты-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде 177 адам құтқарылып, 454 адам эвакуацияланды. Соның ішінде Ақтөбе облысында 173 адам құтқарылды, 454-і эвакуацияланды, ал Атырау өңірінде 4 адам құтқарылды.
«Қозғалыстың шектелуіне байланысты өткізу бекеттерінде 265 дана техника тұр, соның ішінде Ақмола облысында –132, Ақтөбеде – 85, Қостанайда – 48. Бұған қоса, Ақтөбе облысында 40 техника қар құрсауында қалды. Қазір ол жерлерде тамақтану пунктері ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.Апатты-құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда, оған 148 адам мен 67 дана техника жұмылдырылған.Құтқарушылардың мәліметінше, тас жолдарды қардан тазалау үшін 375 дана арнайы техника тартылған.Ақтөбе облысының Хромтау жне Қарғалы аудандарында ТЖ режимі жарияланды, Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында ТЖ режимі сақталуда.
qazaquni.kz